Author - admin

ТарМПУ-да «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылды

Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылды. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған кеңсе, енді, нәтижелі жұмыстар атқаруға кіріспек. Бүгінгі педагог қауымының алдында тұрған зор міндеттердің бірі — саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Бүгінде адалдық, тазалық, креативтілік принциптерін ұстанатын «Ұстаз» университеті бұған дейін де қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда бірқатар жұмыстар атқаруда. Мәселен, адалдық кітапханасы, «Ізгілік орталығы», студенттерге қызмет көрсету орталығы, колл центр, адалдық дүкені және т.б. Аталмыш жоба сол игі істердің жалғасы. Бұл қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құратынына және студент жастарға өзін парасатты, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беретініне сенім мол. Енді бұл кеңсе, жастардың жиналатын, бас қосатын, бос уақыттарын өткізетін, бірлесіп жиналыс ұйымдастыратын, идеяларын талқылайтын орын болмақ.

Read more...

«Сыбайластықтан сақтан, студент!» тақырыбындағы облыстық зияткерлік сайысы

Білім – майдан, сөз – қару. Дәл осы сөйлемді санасында сөйлеткен жастар қашан да қоғамның гүлденуі үшін білімге деген құлшыныстарын саябырсытпау керек. «2019 жыл — Жастар жылының» жылының жабылу апталығы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен облыстық «SUPER SMART STUDENT-2019» зияткерлік сайысы өтті. Бұл жолы білімділер бәсекесі «Сыбайластықтан сақтан, студент!» атты тақырыпқа негізделді. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінің қатысуымен 5 команданы қамтитын сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім бойынша қатысушы командалар бес бағытқа негізделген сұрақтарда саяси сауаттылықтарын сынаса, екінші кезең бойынша теориялық білімдерін сүзгіден өткізді. Ал үшінші кезең бойынша қатысушылар тарихи тұлғалардың бейнесін қаншалықты білетіндіктерін бағамдап көрді. Бағы мен бабы келіскен білімділер сайысына М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Жамбыл медициналық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің командалары өзара бақ сынап, өз білімдерін ортаға салады.

Сондай-ақ, аталмыш сайыста қатысушылардың ұпайын жіті қадағалап, сарапшылық ететіндердің қатарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тулебаев Равиль Қуанышбайұлы, Облыстық «ARAI» жастар газетінің редакторы – Дәулет Төленді, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар рессурстық орталығы» КММ директоры – Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы болды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Жамбыл гуманитарлық колледжі, ІІ орынды ТИГУ студенттері, ал І орынды Тараз Мемлекеттік университетінен келген студенттер жеңіп алды. Барлық қатысушылар қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Read more...

Саналы ұрпақ – сенімді болашақ

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Н.Еркебаев университетіміздің белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Еліміздің болашағы жастар екені белгілі. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, дамуы үшін жастардың жемқорлыққа нөлдік төзімділігін арттыру маңызды. Осы мақсатта университетіміздің ұжымы да зор еңбек етуде. Жастардың жемқорлыққа қарсы  иммунитетін қалыптастыруда университетіміздің Жастар Ісі жөніндегі комитетінің де атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Аталған кездесуге университетіміздің профессор оқытушылар құрамы мен белсенді жастары қатысты. Кездесуде Жастар Ісі жөніндегі комитет төрағасы Айбек Кадралиев жемқорлыққа қарсы жасаған жұмыстармен бөлісіп, статистикалық мәліметтер келтірді.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Олардың алды – «Адалдық алаңы», «Сатушысыз дүкен», сонымен қатар, акциялар мен марафондар екені де кездесу барысында талқыланды.

Кездесуде университетіміздің ойы ұшқыр жастары өздерінің ұсыныстарын білдіріп, пікірлерін айты. Солардың бірі университетіміздің студенті Алпысбай Ақнұр: «Шыны керек, басқа университеттегі достарымыз біздің университетке қызығушылықпен қарайды. Себебі біздің университет ашықтықты ұстанады және де университетімізде жемқорлыққа қарсы біршама акциялар ұйымдастырылып келеді»,-дейді. Ал ұсыныс айтқандардың қатарынан табылғандардың бірі университетіміздің студенті Сабеков Сұлтанбек: «Қазіргі уақытта  «Адалдық дүкендер» көптеп ашылуда. Алайда олар тек облысымыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарының ішінен ашылуда. Дәл осы дүкендерді қаламыздағы сауда орындары мен дүкендерге орнатып , оларды бақылауымыз керек. Сонда ғана біз жақсы нәтиже ала алмыз.»-дейді.

Read more...