Саналы ұрпақ – сенімді болашақ

Саналы ұрпақ – сенімді болашақ

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Н.Еркебаев университетіміздің белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Еліміздің болашағы жастар екені белгілі. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, дамуы үшін жастардың жемқорлыққа нөлдік төзімділігін арттыру маңызды. Осы мақсатта университетіміздің ұжымы да зор еңбек етуде. Жастардың жемқорлыққа қарсы  иммунитетін қалыптастыруда университетіміздің Жастар Ісі жөніндегі комитетінің де атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Аталған кездесуге университетіміздің профессор оқытушылар құрамы мен белсенді жастары қатысты. Кездесуде Жастар Ісі жөніндегі комитет төрағасы Айбек Кадралиев жемқорлыққа қарсы жасаған жұмыстармен бөлісіп, статистикалық мәліметтер келтірді.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Олардың алды – «Адалдық алаңы», «Сатушысыз дүкен», сонымен қатар, акциялар мен марафондар екені де кездесу барысында талқыланды.

Кездесуде университетіміздің ойы ұшқыр жастары өздерінің ұсыныстарын білдіріп, пікірлерін айты. Солардың бірі университетіміздің студенті Алпысбай Ақнұр: «Шыны керек, басқа университеттегі достарымыз біздің университетке қызығушылықпен қарайды. Себебі біздің университет ашықтықты ұстанады және де университетімізде жемқорлыққа қарсы біршама акциялар ұйымдастырылып келеді»,-дейді. Ал ұсыныс айтқандардың қатарынан табылғандардың бірі университетіміздің студенті Сабеков Сұлтанбек: «Қазіргі уақытта  «Адалдық дүкендер» көптеп ашылуда. Алайда олар тек облысымыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарының ішінен ашылуда. Дәл осы дүкендерді қаламыздағы сауда орындары мен дүкендерге орнатып , оларды бақылауымыз керек. Сонда ғана біз жақсы нәтиже ала алмыз.»-дейді.

Share this post