Құқық

Іс-шара атауы Ақпараты
1. Білім беру мекемелерінде құқықтық тақырып бойынша көрнекі үгіт (билбордтар, баннерлер) дайындау және орналастыру           Университеттің «Студенттер үйі» мен барлық оқу ғимараттарында «Парасыз сессия», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» және т.б. тақырыптарда үгіт-насихат баннерлері мен барлық факультеттердің хабарландыру бұрышында «Сенім телефоны» орналастырылған.
2. Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына тегін құқықтық көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын өткізу

 

 

         Университетте студенттерге тегін құқықтық сауаттылық беру, тұрғындарға қайырымдылық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстағы үкіметтік емес ұйымдар мен облыстағы бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Студенттік ректорат», «Айналайын» еріктілер клубы Тараз қаласындағы Қарттар үйінде және Көзі нашар көретін «Болашақ» балалар мектеп интернатында, №4 Тараз қалалық «Жетім балалар үйінде» «Жылы жүрек-жомарт қол», «Балаларға жылу сыйла», «Балалар өмірдің гүлі» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
3. Азаматтардың құқықтық ағарту бойынша ардагерлер, әйелдер, жастар және өзге де үкіметтік емес ұйымдарды тартумен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру

 

 

 

          ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы және  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе «Сыбайлас жемқорлық – білім беру сапасына кері әсер етуші фактор» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы және  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің ролі» мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында республикалық бейне конференция, «Жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастыру», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты жастар акциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» және  «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жастардың бойына мейірімділік пен үлкенге деген құрмет сезімдерін ұялату мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Онда ТарМПУ бастауыш бөлімшесі өз қарамағындағы 25 ардагерге тұрақты түрде көмектесіп тұрады.

4. Студент жастарды күнделікті өмірде қолдану мақсатында «StreetLaw» қозғалысын/жобасын құру мәселесін пысықтау ТарМПУ-да студент жастарды күнделікті өмірде қолдану мақсатында «StreetLaw» қозғалысы жобасын құру, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізу мәселесі бүгінгі күні қарастырылуда.
5. Құқықтану тақырыптарын зерделеу кезінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, қазіргі заманғы үрдістерді енгізу бойынша жоғары білім беретін оқу орындарының гуманитарлық және әлеуметтік пәндері бойынша оқу және білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру Университетте білім алушылардың мәдениет құқықтарын арттыру үшін, барлық мамандардың оқу жұмыс жоспарына пән енгізілу ұйымдастырылуда. «Сыбайлас жемқорлық – мәдениет негіздері» пәні таңдау пәні ретінде университеттің барлық мамандықтарына оқыту үшін енгізілді.
6. Халықтың қоғамдық санасына және мәдениетіне «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея құндылықтарын насихаттау

 

 

         Университетте ұйымдастырылған қоғамдық маңызы бар іс-шаралар Елбасымыз ұсынған «100 қадам — Ұлт жоспарын», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік Ел» құндылықтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларда бүгінде ұлт көшбасшысының биік саяси бейнесі, зор тарихи тұлғасы ұлты мен ажырамас егіз ұғымға айналғандығы, Елбасының сындарлы саясаты арқасында елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асып, Қазақстанды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етілгені көрсетілді.
7.  ЖОО және жалпы білім беру мекемелері оқытушыларының қатысуымен заңды бұзбайтын азаматты қалыптастыруға бағытталған мектептерде, колледждерде және студенттік ортада құқықтық сауаттылықты жылжыту мақсатында (тренингтер, конференциялар, заң үйірмелерін өткізу арқылы) бірыңғай құқықтық ағарту жүйесін қалыптастыру         Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және теріс қылықтарға төзбеушілік таныту жағдайын қалыптастыру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу  мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қылмыстың алдын алу» жөніндегі Кеңесінің жылдық іс-шаралар жоспары және медиа-жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Жаңа оқу жылында университеттке жұмысқа қабылданған жас мамандар мен бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» мен «Ар-намыс» кодексі түсіндіріліп, олар Ант қабылдайды.

ҚР мемлекеттік Жастар саясатының Тұжырымдамасын және ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу мақсатындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты кездесу, «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың құрамымен университет студенттерімен кездесулер  ұйымдастырылуда..

Университет жылына екі рет «Таза сессия» кешенді шарасы өткізіліп, жылына екі рет студенттер арасында сауалнамалар жүргізілуде.