Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті мен

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы құрылған Меморандум бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат

1 тармақ: ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарларға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 5 институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелік жағдайларын және кез-келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастырудағы негізінде- «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобалық кеңсе — білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.

Фронт–офисі қызметінің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы университет қызметін үйлестіру;
  • жоғары  оқу орындары  аумағында өтетін барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу,

2 тармақ: Университетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды. Клуб құрамында 15 студент бар. Клуб төрағасы – Филология факультетінің студенті Сәбеков Сұлтанбек.

3 тармақ: Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасы әзірленуде.

6 тармақ: ТарМПУ-да «tarspu.kz» мерзімді баспасөз басылымы айына бір рет жарық көріп отырады. Басылымның әрбір санында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, олармен күресу, сенім телефондары туралы ақпараттар беріліп отырады.

7 тармақ: Университет сайтында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің логотипімен парақша ашылған.

8 тармақ: Университет бойынша өткізілген іс-шаралар ақпараттық-имидждік бөлімі арқылы университет сайтынан бөлек Инстаграмм, Вконтакте, Фейзбук желілерінде де кеңінен насихатталады. Сонымен қатар, студенттер тарапынан университет іс-шараларын насихаттау бағытында келесі парақшалар жүйелі түрде жұмыс атқарады. Олар: Tarmpu_zhastary, Tarmpupedagogika, Tarmpuzhaidarman, Tarmpu_sr, Ask.tarspu, Bir_shatyr_tarspu, jasotan.tarspu, fil_life_tarspu, fiz_mat_tarmpu, tarspu_kz, ask_tarspu.

9, 14 тармақтар: Әр факультеттің және жастар ұйымдарының бастамасымен қоғам өміріне кері әсерін тигізетін бірден бір фактор сыбайлас жемқорлықтың алдын ала отырып, жастардың ойын түзу жолға салу мақсатында әлеуметтік видеороликтер түсіріліп, қабырғаларға қоғамдық мәні бар мағыналы суреттер ілінді. «Студенттер үйі» мен барлық оқу ғимараттарында «Парасыз сессия», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» және т.б. тақырыптарда үгіт-насихат баннерлері мен барлық факультеттердің хабарландыру бұрышында «Сенім телефондары» мен  «Сенім жәшіктері» орналастырылған.

11 тармақ: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы және  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе «Сыбайлас жемқорлық – білім беру сапасына кері әсер етуші фактор» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы және  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің ролі» мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында республикалық бейне конференция, «Жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастыру», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты жастар акциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» және  «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жастардың бойына мейірімділік пен үлкенге деген құрмет сезімдерін ұялату мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Онда ТарМПУ бастауыш бөлімшесі өз қарамағындағы 25 ардагерге тұрақты түрде көмектесіп тұрады.

12 тармақ: Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде студенттерге көмек көрсету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. Дүкенді енгізу жастардың бойында оңды моральдық қасиеттерді, соның ішінде әдептілік пен адалдықты қалыптастыруға бағытталады. Бұл факторлар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Мұндағы мақсат — қоғамда біртіндеп өзара сенім атмосферасын қалыптастыру және студент жастарға өздерін адал және әдепті адамға сәйкестендіруге мүмкіндік беру.