Фронт-офис

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ТЫС УНИВЕРСИТЕТ»

ФРОНТ–ОФИСІ

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» фронт – офис Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму стратегиясын іске асыру үшін онлайн сервис жүйесінде  қызметін бастайды.

Фронт-офистің жұмыс істеу мақсаты — университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар қызметінің барлық бағыттарын үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі формаларынан бос атмосфера мен аумақты құру.

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» фронт–офисі қызметінің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы университет қызметін үйлестіру;
  • жоғары  оқу орындары  аумағында өтетін барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу,

«Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет» фронт-офисінің құрылымы:

    • Адалдық Лигасы, Академиялық адалдық жөніндегі комиссия
    • Штаб Таза сессия
    • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу орталығы
    • «Адал» студенттер орталығы.