2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

1. Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларының құрамына студенттік және ҮЕҰ өкілдерін қосу арқылы олардың жұмысының ашықтығын, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету         ТарМПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және теріс қылықтарға төзбеушілік таныту жағдайын қалыптастыру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу  мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Академиялық тазалық және этиканың сақталуын қадағалау» комиссия құрамы бекітілген. Онда университет қызметкерлері мен студенттері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мүшелері бар.

Комиссияның жылдық іс-шаралар жоспары және медиа-жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Жаңа оқу жылында университеттке жұмысқа қабылданған жас мамандар мен бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» мен «Ар-намыс» кодексі түсіндіріліп, олар Ант қабылдайды.

ҚР мемлекеттік Жастар саясатының Тұжырымдамасын және ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу мақсатындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты кездесу, «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың құрамымен университет студенттерімен кездесулер  ұйымдастырылуда.

2. «Студенттерге қызмет көрсету» орталығында «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмысты қамтамасыз ету «Студенттерге қызмет көрсету» орталығында «Бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, жатақханаға тұруға рұқсат алу, оқу үлгерімі туралы транскрипт беру, студенттің оқитындығы туралы анықтама беру және т.б.
3. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық кодексін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету         Білім беру үрдісінің барлық субьектілері арасындағы адал және ашық қарым-қатынасты қалыптастыру, академиялық адалдық қағидалары мен талаптарын сақтақ мақсатында университетте Академиялық адалдық кодексі бекітілген.

Академиялық адалдық – бұл білім беру қызметін жүзеге асыру және білім беру бағдарламаларын меңгеру кезінде, оның ішінде жазбаша жұмыстарды (курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық және басқа да зерттеу жұмыстарын) орындау кезінде, білім бақылауын жүргізу кезіндегі жауаптарда, өз ұстанымын білдіруде, білім беру үрдісіне қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалау рәсімінде жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілейтін құндылықтар мен қағидаттар жиынтығы.

ТарМПУ оқу үрдісінде академиялық адалдық — негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.

4. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жалпы білім беру пәндері циклін таңдау бойынша компонентінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін көздеу Университетте білім алушылардың мәдениет құқықтарын арттыру үшін, барлық мамандардың оқу жұмыс жоспарына пән енгізілу ұйымдастырылуда. «Сыбайлас жемқорлық – мәдениет негіздері» пәні таңдау пәні ретінде университеттің барлық мамандықтарына оқыту үшін енгізілді
5. Жоғары оқу орындарында академиялық адалдық жағдайына мониторинг жүргізу Университетте барлық факультет декандары ғылыми қызметкерлер мен студенттерге, магистранттарға білім беру қызметін жүзеге асыру және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. «Оқытушы студент көзімен», «Кафедра меңгерушісі оқытушы көзімен», Студенттер үйінде «Студент қалай тұрасың?», «Студент қалай тамақтанасың?» тақырыптарында сауалнамалар жүргізіледі. Қорытындысы  «Академиялық тазалық және этиканың сақталуын қадағалау» комиссияның отырысында қаралады.
6. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында «Таза сессия» акциясын өткізу Университет жылына екі рет «Таза сессия» кешенді шарасы өткізіліп, студенттер арасында сауалнамалар жүргізілуде. Сауалнамамен қатар, сессия барысында емтихандардың оқу кестесі, олардың уақытылы өтуі, мұғалім мен студент арасындағы ара қатынастарын анықтау, студенттердің емтихан тапсыру барысында бөгде заттардың пайдалануын жол бермеу және т.б.
7. Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен студенттері, магистранттары, докторанттары үшін  «тапсырыспен» дипломдық және ғылыми жұмыстарды жазуға жол бермеу туралы тұрақты дәрістер өткізу Университетте барлық факультет декандары ғылыми қызметкерлер мен студенттерге, магистранттарға дипломдық және ғылыми жұмыстарды жазу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Әрбір дипломдық жұмыс «Антиплагиат» бағдарламасына жіберіледі.
8. ЖОО-да ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің жарияланым қызметін тұрақты бақылау қызметін қазірдің өзінде бар плагиатты (мүмкіндігінше дайындалып жатқан плагиатты озыңқы анықтау) оперативтік анықтау мақсатында ұйымдастыру Университеттің Ғылым және коммерцияландыру басқармасында ақпараттық-аналитикалық сектор базасында ғылыми мақалалар жазу кезінде плагиат фактілеріне жол бермеу үшін Академиялық хат бойынша ПОҚ, докторанттар, магистранттар және студенттермен кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.
9. Плагиатта байқалған тұлғаларға жаза беру (қайта оқу курсына қалдыру және т. б.) Плагиатта байқалған тұлғалар жоқ.