Клуб туралы Ереже

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқарлыққа қарсы іс агенттігі Алқа мәжілісінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №2 хаттамасының шешіміндегі 2,3  тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру  мақсатында, жоғарғы оқу орындарында , техникалық кәсіби білім мекемелерінде «Саналы ұрпақ» студенттер клубтарын  құру көзделген. Осының негізінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (әрі қарай — ТарМПУ) Жастар ісі жөніндегі комитеті жанынан жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды.

1.2. Клубтың жұмысы еріктілік пен тең құқықтылық, өзін-өзі басқарушылық, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.

1.3. Клуб мүшелері өз қызметінде ҚР Конституциясының заңдарын, халықаралық құқық нормаларын ТарМПУ жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.4. Клуб мүшелері алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өздері межелейді.

1.5. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттай отырып азаматтық құндылықтарды қалыптастырады, жоғары кәсібилікке ұмтылушы студенттердің бастамасына қолдау көрсетуді және осы бағыттағы жұмастарды ұйымдастыруды көздейді.

2 КЛУБТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

2.1. Клубтың қағидалары:

Клубтың жұмысы мынадай қағидаларға негізделеді:

  • еріктік;
  • тәуелсіздік;
  • заңдылық;
  • объективтілік;
  • алқалылық;
  • ашықтық және жариялылық.

2.2. Клубтың басты мақсаттары мен міндеттері:

1) Әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықты бар теориялық әзірлемелердің және қолданыстағы ұлттық, шетелдік және халықаралық заңнамалардың негізінде кешендік зерттеу;

2) Сыбайлас жемқорлықтың мониторингі;

3) Қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты ұсыныстарды әзірлеу;

4) Сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына орай әкелетін жағымсыз салдарына қоғамның назарын аудару;

5) Студенттік қауымдастықта сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;

6) Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын зерттеу аясында студенттердің құзыреттіліктер мен қабілеттерін қалыптастыру;

7) Сыбайлас жемқорлықтың жағдайларға тап болған студенттерге және тұрғындарға көмек көрсету;

8)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу.

3 КЛУБТЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

3.1 Негізгі органдар

Клубтың басқару қызметін Жалпы жиналыс, Клуб кеңесі, клубтың төрағасы (студенттік өзін-өзі басқару органдары) атқарады.

Клубтың жалпы басқаруын университеттің жауапты оқытушысы (клуб жетекшісі) жүргізеді. Клубтың ғылыми сүйемелдеуімен және қызметін үйлестіруді клубтың құрметті мүшелері-ТарМПУ-ң оқытушылары жүргізеді.

3.2 Клубтың Жалпы жиналысы

Жалпы жиналысы клубтың жоғарғы басқару органы болып табылады.

Жалпы жиналыс маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыстың шешімі қатысушылардың көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Жалпы жиналыстың отырысында клубтың жоспары мен есебі қаралады, талқыланады және бекітіледі.

Жалпы жиналыс Клуб кеңесін сайлайды және клубтың төрағалығына кандидатты ұсынады және оны тағайындайды.

Жалпы жиналыстың отырыстары клубтың қажеттіліктеріне қарай өткізіледі, бірақ  айына бір реттен кем емес мерзімде.

Жалпы жиналыс клубтың төрағасымен шақыртылады. Сонымен қатар клубтың кем дегенде бес мүшесінің, клуб жетекшісінің (жауапты оқытушының) және клубтың құрметті мүшелерінің бастамасы бойынша да шақыртылуы мүмкін.

3.3 Клуб кеңесі

            Клуб кеңесі клубтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын бақылайды., оқу жылдың басында жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді, беітілген жоспарды және Жалпы жиналыс отырыстарының шешімдерін жүзеге асырады.

Жұмыс барысында қажетті шешімдер Клуб кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және олар клуб мүшелерімен орындалуға міндетті болады.

3.4 Клуб төрағасы:

— ережені қабылдайды және оған толықтырулар енгізеді, клуб қызметінің басты бағыты мен бағдарламасын анықтайды;

— клубтың мемлекеттік құрылымдар, басқа қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасының негізгі бағыттарын анықтайды;

— клубқа мүшелер қабылдайды және мүшеліктен шығару мәселесін шешеді;

— клубты қайта құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

— клуб кеңесіне мүшелерді ұсынады, тағайындайды және клуб жұмысының үйлесімділігін қадағалайды;

— клуб отырысын шақырады және оны жүргізеді; оның уақытын, орнын және күн тәртібін жариялайды;

-мемлекеттік университтер,басқа қоғамдық ұйымдармен және клубтармен қарым-қатынаста кең өкілеттілікті иеленеді.

 

4.ҚҰРАМЫ

4.1  Клубтағы мүшелік

Клубтың мүшелігіне оның Ережесі мен талаптарын мойындайтын және қызметіне белсенді түрде атсалысатын ТарМПУ – нің студенттері мен магистранттары қабылданады.

Клубтың құрметті мүшелері ретінде ТарМПУ-нің оқытушы құрамы, мемлекеттік, әкімшілік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйым өкілдері, сонымен қатар басқа да, клубпен шақыртылған және оның мақсаты мен міндеттерін қолдайтын және де оның қызметіне белсене түрде араласа алатын болады.

Мүшелікке тіркеуді ұйымдастыруды клубтың төрағасы жүргізеді.

4.2  Клубқа қабылдау тәртібі.

Клубтың мүшелігіне қабылдау Жалпы жиналыстың немесе Клуб Кеңес отырысында, қабылданушының клубтың төрағасына жеке жазбаша түрінде берілетін өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Төраға қабылданушының өтінішіне байланысты сұрақты Жалпы жиналыстың немесе Клуб Кеңестің кезекті отырыстың қарауына ұсынады.

Клубқа мүшелікке қабылдау туралы шешім жиынға қатысушылардың көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Қабылданушы клубтың шешімі шыққан сәттен бастап мүше болып есептеледі.

4.3  Клуб мүшесінің мынандай құқықтары бар:

— клубтың басқару органдарына сайлануға және сайлауға;

— отырыста клуб қызметі туралы ұсыныстар айтуға;

— талқылаулар бойынша пікір білдіруге;

— клуб қызметінің мүшелеріне дәйекті сын айтуға;

— клуб қызметімен байланысты кез-келген сұрақ бойынша жауап талап  етуге.

4.4  Клуб мүшесі мыналарға міндетті:

— клуб мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында барынша қолдау   көрсетуге;

— мүшелер арасында өзара құрметті жоғары ұстауға;

— барлық іс-шараларға қатысуға;

— клуб атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуға.

5  ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

Осы  Ереже  клубтың  Жалпы  жиналысында  қабылданғаннан бастап  күші  енген  болып  есептеледі.