Жоба туралы

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Академиялық тазалық және этиканың сақталуын қадағалау» комиссия құрамы бекітілген. Онда университет қызметкерлері мен студенттері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мүшелері бар.

Комиссияның жылдық іс-шаралар жоспары және медиа-жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Жаңа оқу жылында университеттке жұмысқа қабылданған жас мамандар мен бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» мен «Ар-намыс» кодексі түсіндіріліп, олар Ант қабылдайды.

Сондай-ақ, университетте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылықты қалыптастыру» кеңесі жұмыс атқарады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ бар.

ТарМПУ-да «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарларға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 5 институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелік жағдайларын және кез-келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды негізінде жасақталды.

Аталған кеңсе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл бойынша Департаменті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге отырып «Sanaly urpaq» жобасы ашылды.

«Sanaly urpaq» — білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.

Жобаның субъектілері жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары (арықарай – білім алушылар), сонымен қатар барлық оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғылыми қызметкерлер болып табылады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде студенттерге көмек көрсету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ» ашылды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті әлеуметтік зерттеулер жүргізу мақсатында Тараз қаласының мектеп педагогтарының, ата-аналардың және білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейіне зерттеулер жүргізілуде.

Сонымен қатар, орта, орта арнайы білім беру мекемелерінің сайттарының мазмұнына, олардың қызмет ету бағыттарына талдау жүргізілді:

  • Білім беру ұйымдарының басқарушылық шешімдер қабылдаудың ашықтығы және айқындығы;
  • ЖОО қызметкерлерінің жеке жауаптылығы;
  • Жоғары оқу орындарының корпоративтік этика Кодекстері;
  • Білім беру туралы ҚР заңнамаларында олқылықтар;
  • Тараз қаласы мен аудандар білім беру мекемелерінде ішкі тәртіп ережелері;

Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің іске асыру, ТарМПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және теріс қылықтарға төзбеушілік таныту жағдайын қалыптастыру, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу  мақсатында  «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі негізінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашаққа» атты жастар кабинеті жұмыс істейді.

«Саналы ұрпақ – жарқын болашаққа» жобасын іске асыру мақсатында «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылған. Оның Ережесі бекітіліп, құрамында 16 студенті бар.