Білімгерлерге арналған ішкі тәртіп ережесі

«ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БІЛІМГЕРЛЕРНІНЕ АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП

ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ішкі еңбек тәртібінің Ережесін және Жарғысын басшылыққа алып, ПОҚ мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің студенттерімен бірлесіп, олардың пікірлерін ескере отырып әзірленді.
  1. Университет студенттерінің формасына қойылатын талаптар.

2.1. Жоғары  білім беру ұйымдарындағы міндетті университет формасына қойылатын талаптар.

2.2.  Университет формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

2.3.  Университет  формасына  классикалық   пішіндегі  форма жатады.

  1. Ұлдардың формасы:

3.1. Пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

3.2. Ұлдарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады;

3.3. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша, ақ жейдеден құралады.

  1. Қыздардың формасы:

4.1. Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген;

4.2. Қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады;

4.3. Қыздардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша, ақ түсті блузкадан құралады;

5.Тиым салынады:

5.1. Қыздарға діни атрибуттары саналатын орамал тағуға, (хиджаб) киюге болмайды;

5.2. Ұлдарға тобықтан жоғары (шолақ) шалбар, киюге болмайды;

5.3. Университет формасына әр түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін  киюге  болмайды.

5.4. Университет формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар  киюге болмайды.

  1. Ережеде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда студент университеттің ішкі еңбек тәртіп Ережесі мен осы ережені бұзғаны үшін оқудан шығарылады.
  1. Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу ПОҚ мен студенттердің пікірлеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту: ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1 тармақшасы,     Университеттің «Ішкі еңбек тәртіп» ережесінің 13 тармағына сәйкес білім  алушылар  білім беру  ұйымында бекітілген киім үлгісін  киюлері  туралы  міндеттелген.